Республика күніне орай Таразда «Кәсіподақ барысы – 2025» турнирі өтті
- author Admin
- 21 қазан, 2025
- 10

Бұл жарыс Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының бастамасымен өткізілді.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін жарысқа өңірдің барлық аудандары мен қаладағы оқу орындарынан барлығы 24 палуан қатысты. Олар 70–90 кг және 90 кг-нан жоғары салмақ дәрежелерінде өздерінің күш-қуатын сынады. Күрес тартысты әрі қызу өтті.
Нәтижесінде 70–90 кг салмақ дәрежесінде М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің оқытушысы Омар Керимов топ жарып, алтын белбеу мен 150 000 теңге көлеміндегі сыйақыны жеңіп алды. Ал 90 кг-нан жоғары салмақта Мойынқұм ауданының О.Жандосов атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Марат Шоқабаев барлық қарсыластарынан басым түсіп, жарыстың жеңімпазы атанды. Ол да алтын белбеу мен 150 000 теңге жүлдеге ие болды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы Алғыс хаттармен, қаржылай сыйлықтармен және «Кәсіподақ барысы – 2025» белбеуімен марапатталды. Бұл жарыс білім саласы қызметкерлері арасында дене тәрбиесін, ұлттық спортты дамытуға және спортшылардың шеберлігін шыңдауға зор үлес қосып отыр.