Жаңалықтар

Жамбылдық боксшы Әйгерім Сәттібаева Қазақстан чемпионы атанды

Әйелдер арасындағы ең жеңіл салмақ дәрежесінде өткен финалда Жамбыл облысының боксшысы Әйгерім Сәттібаева жеңіс тұғырына көтерілді.

Ол жетісулық Әнел Құдайбергенді 5:0 есебімен сенімді түрде ұтты.

Айта кетейік, Әйгерім Сәттібаева бес баланың анасы. Бірнеше жылдық үзілістен кейін қайтадан рингке оралып, ерекше табандылық пен жігердің арқасында Қазақстан чемпионы атанды.