Жаңалықтар
Рүстем Омаров – Джеки Чанмен бірге жаңа халықаралық блокбастерде
- author Admin
- Бүгін, 19:16
- 7
Қазақ киноиндустриясы үшін үлкен жаңалық!
Белгілі актер әрі сценарист Рүстем Омаров әлемге әйгілі «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің түсіріліміне ресми түрде қосылды. Бұл – Джеки Чан жетекшілік ететін аты аңызға айналған экшн-франшизаның жаңа бөлімі.
Sәlem Entertainment жобасының жұлдызы бұл картинада актерлік қана емес, сценарий жазу үдерісіне де тікелей атсалысады.
«Бала кезімнен ұстазым әрі кумирім болған Джеки Чанмен бір алаңда жұмыс істеу – мен үшін үлкен мәртебе», – деді Рүстем Омаров.
Бұл жаңалық қазақстандық кино үшін жаңа белес болары сөзсіз!


