Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға сапармен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға сапармен барды.
Қазақстан президентін АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды.
Президентті АҚШ-та оқитын қазақ студенттері қарсы алды.
Мемлекет басшысы отандастарымызбен аз-кем әңгімелесіп, оларға табыс тіледі.