Жаңалықтар

Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттерімен әңгімелесті

Мемлекет басшысы студенттердің қазақ тілін үйренуге деген ынтасына жоғары баға беріп, оларға сәттілік тіледі.

Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттерімен әңгімелесті. Студенттер Мемлекет басшысына қазақша тіл қатты.

Олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітаптарында көрініс тапқан дипломатия мен ашықтық қағидалары Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында үлгі ретінде оқытылатынын жеткізді.
Сонымен қатар жастар Абай Құнанбайұлы шығармашылығына зор қызығушылықпен қарайтынын айтты.

Мемлекет басшысы студенттердің қазақ тілін үйренуге деген ынтасына жоғары баға беріп, оларға сәттілік тіледі.