Президент Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды
Мемлекет басшысын президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда.
Ақорданың мәліметінше, "Шығыс" әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.
"Мемлекет басшысын президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды", – делінген Ақорданың хабарламасында.