Жаңалықтар

Жамбыл облысы алғаш рет 1 трлн теңгенің өнеркәсіп өнімін өндірді

Жамбыл облысы өнеркәсіп саласында тарихи көрсеткішке қол жеткізді. 2025 жылдың қаңтар–қазан айларында өңірде 1 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, республика бойынша көш бастады. Бұл жетістікке 919 кәсіпорында еңбек ететін 41 мың адамның күш-жігерінің арқасында қол жеткізілді.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, өндіріс көлемінің өсуі барлық негізгі салаларда байқалуда.

Өңдеу өнеркәсібі – 675,4 млрд тг (20,7 мың адам еңбек етуде)

Тау-кен өндіру – 201,5 млрд тг

Химия өнеркәсібі – 320,3 млрд тг

«Казфосфат» өнімін 54,2%-ға,

«НДФЗ» сары фосфор өндірісін 8,5%-ға,

«Talas Investment Company» натрий цианидін 6,5%-ға арттырды.

Құрылыс индустриясы – 73,3 млрд тг

«Жамбылгипс» өнім көлемін 52,6%-ға өсірді.

Тамақ өнеркәсібі – 103,6 млрд тг

83,8 мың тонна қант, 2 872 тонна ірімшік пен сүзбе өндірілді.

Мұнай өңдеу – 23,4 млрд тг

Өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 34,6%-ға артты.

Машина жасау – 17,6 млрд тг

Шикізаттық емес тауарлар экспорты да едәуір артты — 270,4 млн АҚШ доллары, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп.

Экспорт өсіміне химия саласы (157%), тамақ (186,9%) және құрылыс индустриясы (112,4%) өнімдерінің артуы әсер етті.

Жыл соңына дейін өнеркәсіптегі өсім қарқынын 6,5% деңгейінде сақтау жоспарланып отыр.