Жаңалықтар

Талас аудан экономикасын дамыту: инвестициялық жобалар мен жаңа жұмыс орындары

Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы инвестициялық жобалар арқылы ілгерілеуін жалғастыруда.

2023-2025 жылдар аралығында жалпы құны 31,2 млрд теңгені құрайтын 4 ірі жобаны іске асыру жоспарланған еді. Бұл жобалардың мақсаты - жергілікті экономиканы нығайту және 450 жаңа жұмыс орнын ашу болатын.

Бүгінгі күнге дейін жоспарланған көрсеткіштердің бір бөлігіне қол жеткізілді - 67 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Жобалардың кейбіреулері толық іске қосылып, кейбіреулері іске қосуға дайындық үстінде.

Ірі инвестициялық жобаларға қысқаша шолу:

  1. «Talas Investment Company» ЖШС
    • Жоба құны: 25,8 млрд теңге
    • Жобаның мақсаты: цианид натрий өндірісін жылына 15 мың тоннадан 30 мың тоннаға дейін арттыру
    • Жер көлемі: 5 га
    • Жұмыс орындары: қосымша 300 адам
    • Қазіргі уақытта 600 адам өндірісте жұмыс істейді
    • 2-кезеңнің іске асырылу мерзімі – 2026 жыл
  2. «KARATAU CHEMICALS» ЖШС
    • Жоба құны: 2,88 млрд теңге
    • Өнім: пиросульфат натрий, жылына 25 мың тонна
    • Жер көлемі: 20 га
    • Жұмыс орындары: 30 адам (қазіргі кезде 55 адам жұмыспен қамтылған)
    • Құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосу кезеңінде
  3. «Asia NST» ЖШС
    • Жоба құны: 476,8 млн теңге
    • Өнім: мрамор, жылына 300 мың тонна
    • Ашылған жұмыс орны: 30 адам (қазіргі кезде 12 адам жұмыспен қамтылған)
  4. «Жамбыл Недр» ЖШС
    • Жоба: қуаттылығы 400 тонна әктас өндіретін зауыт
    • Жұмыс орындары: 90 адам
    • Инвестиция сомасы: 2,0 млрд теңге
    • Құрал-жабдықтар сатып алынып, орнату жұмыстары жүргізілуде

2026-2028 жылдарға жоспарланған ірі жобалар:

Келесі кезеңде ауданға 204,5 млрд теңге көлемінде 8 ірі инвестициялық жоба тартылып, шамамен 660 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Олардың арасында:

  • «IRON LTD Company» ЖШС - 24,5 млрд теңге, 30 жұмыс орны, 500 мың тонна ыстық брикеттелген темір өндірісі.
  • «КазМеталГрупп» ЖШС - 144 млрд теңге, 250 жұмыс орны, 100 мың тонна магния қорытпасы.
  • «Karatau Chemicals» ЖШС - жеке күтім өнімдері, ұнтақ, тұз, аммоний және натрий бикарбонаты өндірісі бойынша бірнеше жобалар (барлығы 285 жұмыс орны).
  • «Каз минералс ЛТД» ЖШС - 1,076 млрд теңге, 36 мың тонна қуаттылық, 60 жұмыс орны.

Ауданға инвестиция тарту бағытында қабылданып жатқан шаралар экономикаға серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туғызып отыр. Бұл жобалардың іске асуы тек экономикалық өсімге ғана емес, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға да тікелей әсер ететін болады.