БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Мемлекет басшысы: Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші

Мемлекет басшысы: Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөз сөйлеп, барлық деңгейдегі атқарушы билік өкілдері шақырылған бұл кездесудің ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Оның айтуынша, кездесуге ауылдық округ әкімдерінің басым көпшілігі – 80%-ы қатысып отыр. Жалпы, бұл біз үшін алғашқы рет осындай кең құрамда жиналған кездесу болып отыр.

"Шын мәнінде, тақырып – өте өзекті. Ауылдың жағдайы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Себебі халқымыздың тамыры – ауылда. Ауылдарымыз мықты болса, еліміз де берекелі болмақ. Сондықтан ауыл әкімдеріне қойылатын талап та, оларға жүктелетін міндет те әрдайым ерекше", – деді Мемлекет басшысы.

Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші, деп айтты президент.

"Бұл – өте жауапты жұмыс. Ауыл әкімі ауылдың болмысын, ауылдағы ағайынның өмірін жете түсінетін нағыз іскер маман болуы керек. Жаңа ғана бірнеше әкімнің сөзін тыңдадық. Айтылған ой-пікірлерді және ұсыныстарды мұқият зерделеп, жұмыс барысында міндетті түрде ескеру қажет", – деді Мемлекет басшысы.

Президент "2020 жылы халыққа Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлау туралы бастама көтергенін еске алды.

"Бұл мемлекетті басқару ісін түбегейлі жаңғырту жолындағы аса маңызды қадам болды. Себебі жергілікті әкімдер бүкіл билік жүйесінің тірегі саналады. Сондықтан біз орынсыз асығыстыққа жол берген жоқпыз, ауыл әкімдерін сайлау жұмысын 5 жылдың ішінде біртіндеп жүзеге асырдық", – деді Мемлекет басшысы.

Бүкіл еліміз бойынша 2334 ауыл әкімі сайланды. Олардың орташа жасы – 43 жас. Жаңадан сайланған әкімдердің үштен бірі – бұрын мемлекеттік қызметте болмаған азаматтар.

Admin
Автор

Admin

Admin

Ұқсас жаңалықтар