Жамбыл облысы өнеркәсіптік өсім бойынша үздік үштікке кірді: 1,1 трлн теңгенің өнімі өндірілді
Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің бүгінгі даму барысын таныстырып, негізгі көрсеткіштер мен жаңа өсу нүктелеріне тоқталды.
2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша экономика 9,8% деңгейінде нық өсім көрсетті.
Бұл серпінді өсімге өнеркәсіп (+17%), құрылыс (+18,8%), ауыл шаруашылығы (+3,1%), көлік (+2,9%), байланыс (+9,4%), сауда (+0,5%), тұрғын үй құрылысы (+1,7%) және инвестициялар (+38,3%) айтарлықтай үлес қосты.
Жыл басынан бері өңірде 1,1 трлн теңгенің өнеркәсіп өнімі шығарылды. Өндіріс секторында 929 кәсіпорын жұмыс істейді, олардың ішінде 17 ірі және 25 орта кәсіпорын бар. Мұнда 39,7 мыңға жуық адам тұрақты еңбекпен қамтылған.
Өнеркәсіп өсімі бойынша Жамбыл облысы республикада 3-орында, ал өңдеу өнеркәсібінде – 5-орында.
Жалпы өндіріс көлемінің шамамен 63%-ы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.
Өңір республика бойынша көшбасшылық позициясын берік ұстап тұр: мұнда Қазақстанда өндірілетін натрий триполифосфаты, натрий цианиді, аммофостың, сары фосфордың 100%-ы және қанттың 40%-ы өндіріледі. Бұл Жамбыл облысын елдің маңызды индустриялық орталықтарының бірі ретінде бекіте түседі.
Өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 2,1 есе өсіп, 203,8 млрд теңгеге жетті. Бұл өңделген өнім экспортын 1,5 есе арттыруға мүмкіндік беріп, өңірді еліміз бойынша бірінші орынға шығарды.
Шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 18,1%-ға өсіп, 765,5 млрд теңгені құрады. Жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 109,1 мыңға жетсе, онда 165,4 мың адам еңбек етеді.
Ербол Қарашөкеев қол жеткізілген нәтижелер жүйелі жұмыстың және дұрыс белгіленген басымдықтардың айқын көрінісі екенін атап өтті.