Жаңалықтар

Шағын және орта бизнес өсімі: кәсіпкерлік өңір экономикасын ілгерілетуде

Шағын және орта бизнес Жамбыл облысы экономикасының маңызды тірегіне айналды.

2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша өңірде 109 мыңнан астам ШОБ субъектісі жұмыс істейді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2%-ға көп.

ШОБ саласында жұмыспен қамтылғандар саны 165 мыңнан асып, өндірілген өнім көлемі 765,5 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік бағдарламалар аясында 1 200-ден астам жоба қаржыландырылып, кәсіпкерлерге 52 млрд теңгеден астам қолдау көрсетілді.

Кәсіпкерлікті қолдау шаралары жаңа өндірістердің ашылуына, жұмыс орындарының көбеюіне және салық түсімдерінің артуына ықпал етіп отыр.