Жаңалықтар

Туризм мен сауда саласы: инфрақұрылым дамып, халыққа қолайлы жағдай жасалуда

Өңірде туризм саласы экономиканың перспективалы бағыты ретінде дамып келеді.

2025 жылдың 10 айында облысқа 99 мыңнан астам турист келген. Туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 18,3 млрд теңгеге жетіп, бір жылда 27%-ға артты.

Сонымен қатар, ішкі сауда мен баға тұрақтылығын сақтау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылау, тұрақтандыру қоры арқылы өнім жеткізу және әлеуметтік дүкендер желісін кеңейту халықтың сатып алу қабілетін сақтауға мүмкіндік берді.

Сауда, туризм және инфрақұрылымның қатар дамуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын күшейтіп отыр.