Жаңалықтар

Майк Тайсон Желіні шулатты

Майк Тайсон Желіні шулатты

Бокстан ауыр салмақтағы бұрынғы абсолют әлем чемпионы Майк Тайсон Instagram-парақшасында ерекше видео жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Аты аңызға айналған боксшы ара костюмін киіп, билеген видеосын жариялады. Бұл видео арқылы ол актер және тележүргізуші Джимми Киммелге үндеу жасады. "Бұл сенің шаруаң емес", - деп жазды боксшы. Видео үш сағат ішінде 13,5 мың пікір мен 448 мың қаралым жинады.