БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жаңасазда соңғы мәселе шешілді: Байзақ ауданы ауызсу және газбен толық қамтылды

Жаңасазда соңғы мәселе шешілді: Байзақ ауданы ауызсу және газбен толық қамтылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында 2025 жылға дейін ел халқын 100 пайыз таза ауызсумен қамтамасыз етуді нақты тапсырма ретінде қойған болатын. Осы міндет аясында Жамбыл облысында, соның ішінде Байзақ ауданында жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар атқарылды.

2025 жылы облыс көлемінде 13,9 миллиард теңгеге 24 ауылдық елді мекен мен 9 тұрғын алқапта ауызсу нысандарының құрылысы жүргізілді. Нәтижесінде 19 елді мекен мен 5 тұрғын алқапта нысандар пайдалануға беріліп, қалған жобалар да аяқталу сатысына жетті. Аталған жұмыстардың бір бөлігі Байзақ ауданында жүзеге асырылды.

Биыл ауданда республикалық, облыстық және аудандық бюджет есебінен үш жаңа ауызсу нысаны салынып, құбыр желілері тартылды. Соның ішінде Сазтерек ауылдық округіне қарасты Жаңасаз ауылында салынған ауызсу нысаны ел игілігіне беріліп, көптен күткен мәселе түбегейлі шешімін тапты.

Нысанның ашылу салтанатында аудан әкімі Олжас Баққараев Байзақ ауданындағы барлық елді мекен енді толықтай таза ауызсумен қамтылғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұған дейін аудандағы 40 елді мекеннің ішінде ауызсуы шешілмеген жалғыз ауыл - Жаңасаз болған.

– Бұған дейін ауылдарымыз 100 пайыз газбен қамтылды. Енді, міне, ауызсу мәселесі де толық шешімін тапты. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасының нақты орындалуы. Инфрақұрылымның жақсаруы ауылдардың дамуына серпін беріп, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырады, – деді аудан басшысы.

Сазтерек ауылдық округінің әкімі Жұмабек Шайхиевтің айтуынша, жобаға 435 миллион теңге бөлініп, нәтижесінде Жаңасаз ауылындағы 51 түтін, 287 тұрғын сапалы ауызсуға қол жеткізген. Құрылыс жұмыстары барысында 60-қа жуық адам жұмыспен қамтылып, бүгінде нысанда үш адам тұрақты қызмет атқаруда.

Ауыл тұрғындары да көптен күткен қуанышты жаңалыққа ризашылықтарын білдірді. Бұған дейін суды құдықтан пайдаланған жаңасаздықтар енді таза ауызсуды тұрақты түрде тұтынуға мүмкіндік алды.

Айта кету керек, бүгінде Байзақ ауданында жарық, газ, жол және ауызсу мәселелері толық шешіліп, ауылдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Бұл өз кезегінде ауыл халқы

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар