375 277 жамбылдық Конституцияға енгізілген өзгерістерді қолдаған

0 10

Күні кеше аяқталған республикалық референдумның облыстағы 492 учаскесінде 688,369 жамбылдық өз таңдауын жасаған. Бұл туралы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкеловтің қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды.
– Аймақта дауыс беруге қатысқан азаматтардың жалпы саны 69,39 пайызды құрады. Ал референдумда қойылған Конституцияға енгізілген өзгерістерді 375, 277 яғни өз таңдауын жасаған жамбылдықтардың 78,63 пайызы қолдаса, 85,173 адам қарсы болған. Бұл дауыс берушердің 17,85 пайызын құрайды. Сондай-ақ жауаптардың екі нұсқасы да таңдап алынған, яғни жарамды деп танылған, алайда дауыстарды санау кезінде ескерілмейтін бюллетеньдер саны 1,65 пайызы немесе 7,854, ал дауыс берушілердің ерік білдіруін анықтау мүмкін болмайтын және жарамсыз деп танылған белгіленбеген үлгідегі бюллетеньдер саны 1,89% – ды немесе 8,986 бюллетеньді құрады.
Облыстағы барлық референдум учаскелерінде республикалық қоғамдық ұйымдардан 2 283 өкіл қатысты. Учаскеде өз таңдауын жасаған ерекше қажеттіліктері бар азаматтар саны 1067 және олардың үйде дауыс бергендер саны 1 128 адам, – деді спикер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.