Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото:elements.envato.comСиноптиктер елімізде 18-20 маусым күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Республиканың барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Қысқа мерзімді жаңбыр жауады, 20 маусым күні оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі. Күн күркірейді, бұршақ жауады, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады деп болжанды.