Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 114 жыл толуына орай облыс орталығы – Тараз қаласындағы еңселі ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, облыстық және қалалық мәслихаттардың, қоғамдық және ардагерлер кеңестерінің төрағалары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен белсенді жастар қатысты.
Жиналған қауым ел тарихында өшпес із қалдырған тау тұлғаның жарқын бейнесін еске алып, рухына тағзым етті.