Жаңалықтар

Түркістан облысында әйел мен екі баласы газдан уланып көз жұмды

Түркістан облысында қайғылы оқиға орын алып, бір отбасының үш мүшесі газдан уланып қайтыс болды. Бұл туралы жергілікті құзырлы органдар хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға пешті қауіпсіздік талаптарына сай пайдаланбау және түтін шығатын мұржаның уақытында тазаланбауы салдарынан болған.

Қаза тапқандар – әйел адам және оның 5 пен 7 жастағы екі баласы. Сондай-ақ 13 жастағы тағы бір бала ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған.

Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандар қайғылы жағдайдың нақты себептерін анықтауда.