ФАРИЗА МЫРЗАБЕК АЙДАНА МЕДЕНОВАНЫҢ ХИДЖАБЫН ШЕШУІНЕ ҚАТЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ
Танымал бизнесвумен әрі блогер Фариза Мырзабек әнші Айдана Меденованың хиджабын шешуіне байланысты өз наразылығын ашық білдірді.
Блогердің айтуынша, соңғы уақытта кейбір өнер адамдары мен әлеуметтік желі белсенділері орамал тағу мәселесіне жеңіл қарай бастаған. Осыған байланысты ол әлеуметтік желідегі парақшасында эмоциялық жазба жариялады.
Аталған жазба әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қолданушылар түрлі пікір білдіруде. Бірі блогердің ұстанымын қолдаса, енді бірі әр адамның жеке таңдауына құрметпен қарау керектігін алға тартуда.