Жаңалықтар

VOGUE ТАҢДАУЫ: ҚАЗАҚСТАН – 2025 ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ТУРИСТІК БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ

Халықаралық Vogue журналы Қазақстанды 2025 жылы әлем бойынша саяхаттауға ұсынылатын ең үздік 14 туристік бағыттың қатарына енгізді.

Басылым редакторлары еліміздің туристік әлеуетін жоғары бағалап, табиғи ландшафттардың алуан түрлілігі, аутентикалық мәдениет пен заманауи қалалық кеңістіктің үйлесімін ерекше атап өткен.

Атап айтқанда, Алматы қаласының сәулеті, Іле Алатауының көркем табиғаты және қазақтың ұлттық асханасы шетелдік сарапшыларға айрықша әсер қалдырған.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай жоғары баға Қазақстанның халықаралық туризм нарығындағы беделін арттырып, елге келетін шетелдік туристер санын көбейтуге ықпал етеді.