БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл облысында білім сапасы жаңа деңгейге көтерілді

Жамбыл облысында білім сапасы жаңа деңгейге көтерілді
Жамбыл облысында 2025 жылы білім беру саласында жүйелі реформалар жүргізіліп, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Соңғы жылдары атқарылған инфрақұрылымдық жаңғырту, педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру және дарынды балаларды қолдау шаралары өңірдегі білім сапасының тұрақты өсуіне негіз болды.

Биыл облыс оқушылары халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 464 медаль иеленді, оның 77-сі халықаралық деңгейде алынған. Бұл – оқушылардың зияткерлік әлеуетінің артқанын көрсететін маңызды көрсеткіш. Сонымен қатар, Жамбыл облысы республикалық ғылыми жобалар конкурсында 16 жыл қатарынан «Ең үздік команда» атағын сақтап келеді.

Педагогтер жетістігі де айрықша. Өңірде «Қазақстанның Еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болған 7 мұғалім бар. 2025 жылы облыс ұстаздары халықаралық және республикалық байқауларда 113 рет жеңімпаз атанып, үш педагог «Үздік педагог» республикалық конкурсының жеңімпазы болды. Ауыл мектептері мұғалімдерінің белсенділігі де артты – «Үздік педагог» атанған 55 ұстаздың 22-сі ауыл мектептерінен.

Цифрландыру бағытында да серпіліс байқалады. Мектептердің 98 пайызы жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылып, 14 мыңнан астам компьютер жаңартылды. 3D зертханалар, виртуалды кабинеттер мен цифрлық симуляторлар енгізіліп, оқушылардың тәжірибелік білім алу мүмкіндігі кеңейді.

Бұл жетістіктер Жамбыл облысының білім беру жүйесі тұрақты даму жолына түскенін және алдағы жылдары да жоғары нәтижелерге қол жеткізуге әлеуеті зор екенін көрсетеді.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар