Жаңалықтар

Елімізде әуеде ұшатын такси қызметін іске қосу жоспарланып отыр.

Жобаны жүзеге асыру үшін АҚШ-та өндірілген электрлі eVTOL ұшақтарын сатып алу көзделген.

Жаңа көлік түрі алдағы жылдары Алатау қаласында енгізіледі. Сонымен қатар қала аумағында смарт жарықтандыру жүйесін орнату, энергияны үнемдеу технологияларын қолдану және сауда орындарында криптовалюта арқылы төлем жасау мүмкіндігін енгізу жоспарланған.

Мамандардың пікірінше, бұл бастама өңірге инвестиция тартуға, инновациялық инфрақұрылымды дамытуға және туристер санын арттыруға ықпал етеді.