БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Әлеуметтік желідегі дауға нүкте қойыла ма? Танымал әзілкешке қатысты аты аталған әйел сотқа жүгінді

Әлеуметтік желідегі дауға нүкте қойыла ма? Танымал әзілкешке қатысты аты аталған әйел сотқа жүгінді
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары ретінде көпшілікке танылған Айман есімді келіншек өзіне қатысты әлеуметтік желіде тараған қорлайтын пікірлерге байланысты сотқа жүгінді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айманның құқықтық мүддесін қорғаушы заңгер Ділназ Мұхамедова әлеуметтік желідегі парақшасында бұл ақпаратты растады. Оның айтуынша, қазіргі таңда ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғауға, сондай-ақ интернет кеңістігінде шындыққа сәйкес келмейтін әрі қорлайтын мәліметтер таратқан тұлғаларды жауапкершілікке тартуға бағытталған бірнеше іс сотта қаралып жатыр.

Заңгердің мәлімдеуінше, аталған істердің үшеуі бойынша сот шешімі шығып, жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар моральдық зиян үшін өтемақы өндіріліп, талап-арыздар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес қанағаттандырылған. Қазіргі уақытта тағы бес іс қаралу сатысында.

Маман анонимді немесе жалған аккаунттар арқылы пікір қалдырған жағдайда да, сот органдары арнайы сұраулар арқылы автордың кім екенін анықтай алатынын атап өтті.

Сондай-ақ заңгер әлеуметтік желі қолданушыларына пікір білдіру еркіндігі жалған ақпарат таратуға немесе адам абыройын кемсітуге жол бермейтінін ескертті. Мұндай әрекеттер заң аясында әкімшілік және азаматтық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар