Жаңалықтар

Жамбыл облысында идеология саласы бойынша алқа мәжілісі өтті

Бүгін Тараз қаласындағы Достық үйі ғимаратында идеология саласы бойынша алқа мәжілісінің отырысы өтті. Жиынға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов төрағалық етті.

Келелі басқосуға өңірдегі идеология саласына жауапты барлық атқарушы билік өкілдері, мемлекеттік емес ұйымдардың төрағалары, қоғамдық бірлестік жетекшілері және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қатысты.

Мәжіліс барысында облыс әкімдігіне қарасты ақпарат және қоғамдық даму, білім, спорт, мәдениет және тілдерді дамыту, сондай-ақ дін істері мен дене шынықтыру салаларына жауапты бес басқарманың басшысы 2025 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.

Жиын барысында әр саладағы оң бастамалар мен нәтижелі істерге оң баға беріліп, сонымен қатар белгіленген мерзімде орындалмаған жұмыстар бойынша нақты сұрақтар қойылды. Жауапты тұлғаларға сын-ескертпелер айтылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.