Бұл жағымды жаңалықты Қазақстанның 31 жастағы халық әртісінің ресми командасы жариялады.
Команда өкілдерінің хабарлауынша:
«Қымбатты достар! 16 қаңтар күні Димаш Құдайберген Қытайдың Шанхай қаласында өтетін 2026 Tmall NEWTY Festival Offline Events фестиваліне қатысады».
Айта кетейік, аталған фестиваль – Азия құрлығындағы ең ауқымды мәдени және музыкалық шаралардың бірі. Онда әлемнің әр түкпірінен танымал өнер жұлдыздары мен шоу-бизнес өкілдері бас қосады.
Димаш Құдайбергеннің бұл фестивальге шақырылуы – оның халықаралық деңгейдегі беделінің тағы бір дәлелі. Әншінің шетелдік тыңдармандары бұл жаңалықты зор қуанышпен қабылдап, әлеуметтік желілерде жылы лебіздерін білдіруде.
Қазақстандық жанкүйерлер де сүйікті әншісінің әлемдік сахнада ел намысын абыроймен қорғап келе жатқанына ерекше мақтаныш білдіруде.



