Жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің командасы жағымды жаңалықты хабарлады

Алдағы жұма, 2026 жылғы 16 қаңтарда, әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайда өтетін ірі халықаралық фестивальде өнер көрсетеді.

Бұл жағымды жаңалықты Қазақстанның 31 жастағы халық әртісінің ресми командасы жариялады.

Команда өкілдерінің хабарлауынша:

Айта кетейік, аталған фестиваль – Азия құрлығындағы ең ауқымды мәдени және музыкалық шаралардың бірі. Онда әлемнің әр түкпірінен танымал өнер жұлдыздары мен шоу-бизнес өкілдері бас қосады.

Димаш Құдайбергеннің бұл фестивальге шақырылуы – оның халықаралық деңгейдегі беделінің тағы бір дәлелі. Әншінің шетелдік тыңдармандары бұл жаңалықты зор қуанышпен қабылдап, әлеуметтік желілерде жылы лебіздерін білдіруде.

Қазақстандық жанкүйерлер де сүйікті әншісінің әлемдік сахнада ел намысын абыроймен қорғап келе жатқанына ерекше мақтаныш білдіруде.