Қостанай облысында Ахмет Байтұрсыновтың үйі бұзылды
Қостанай облысында Ахмет Байтұрсыновтың үйі бұзылды
Ахмет Байтұрсынұлы. © adebiportal.kzҚостанай облысында Ахмет Байтұрсыновтың туып-өскен үйі бұзылды, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Телеарна мәліметінше, Халық ағартушының 150 жылдық мерейтойында кірпіш үйді қалпына келтіру туралы шешім қабылданған. Ескі іргетас орнында мердігер құмблок қабырғаларын тұрғыза бастаған. Алайда олар сапасыз болып, ғимаратты қирату туралы шешім қабылданған.
Ахмет Байтұрсынұлының үйінен қалғаны осы ғана. "Екі ауыл тұрғындары үйдің апатты жағдайда екенін айтып, мәселе көтерді. Аудан, облыс әкімдіктеріне жүгінді. Сондықтан біз осындай шешім қабылдадық", - Ахмет Байтұрсынұлы ауылының әкімі Нұрсұлтан Байділдин.
Осы кездесулердің нәтижесінде Ахмет Байтұрсынұлы туған үйдің орнына мұражай-үй салудың жаңа жобалық құжаттамасын әзірлеу туралы шешім қабылданды. Тұрғын үй қайта салынады. Аудан әкімдігі жаңа мердігер іздеп жатыр. Жоба құны 37 миллион теңгеге дейін өсті.
Шенеуніктер мердігерді таңдаса, жергілікті тұрғындар Ахмет Байтұрсынұлының туған ауылына кіре берістегі кесененің құрылысын аяқтап жатыр. Ауыл тұрғындары 10 миллион теңге жинап, ескерткішті өз күштерімен тұрғызып жатыр.