Атырау әуежайында FlyArystan әуе компаниясының ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетті
Оқиға 14 қаңтар күні Алматы – Атырау бағытындағы рейс қонғаннан кейін тіркелген.
Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесі тұраққа қарай баяу қозғалып келе жатқан сәтте белгіленген бағыттан ауытқыған.
Ұшақ бортында 166 жолаушы болған. Барлығы дер кезінде эвакуацияланып, зардап шеккендер тіркелмеген.
Қазіргі таңда әуе компаниясының өкілдері оқиғаның нақты себебі мен мән-жайын анықтап жатыр.