Мемлекет басшысы Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Пономаревті қабылдады
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 15:37
- 8
Сергей Пономарев ұлтты ұйыстыратын фактор ретінде мемлекеттік тілді насихаттаудағы славян ұйымдарының жұмысы туралы баяндады.
Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасын іске асыру аясындағы Қауымдастықтың биылға арналған жоспарын таныстырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев этносаралық келісім мен бірлік мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі саналатынын атап өтті. Президенттің пікірінше, әділдік пен баршаға тең мүмкіндік жасау – Әділетті Қазақстанның негізгі қағидаты.
Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрамына кіретін ұйымдар барлық этнос өкілдерінің арасында ортақ құндылықтарды қазақстандық патриотизм негізінде насихаттауға жан-жақты ықпал етуге ден қояды.


