Жамбыл облысында ауа райына байланысты республикалық жолда қозғалыс уақытша шектелді
Жамбыл облысында қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы 15 қаңтар күні сағат 22:40-тан бастап республикалық маңызы бар «Меркі – Шу – Бұрылбайтал» автожолының 160–268 шақырым аралығы, яғни Бірлік ауылынан Бұрылбайтал ауылына дейінгі учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Шектеу ауа райының күрт нашарлауына байланысты енгізілген.
Аталған жол учаскесін 2026 жылғы 16 қаңтар күні сағат 09:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.
Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы алуға болады.