Оқиға Маңғыстау облысындағы Ақтау-Бейнеу тас жолында болды.
Мәліметке сәйкес, Yutong автобусының жүргізушісі рульді басқара алмай, 50 жолаушысы бар автобус арыққа аударылған. Салдарынан 4 адам оқиға орнында көз жұмған. Ал 42 адам жарақат алып, оның 17-сі ауруханаға жатқызылды. Қалғандары амбулаториялық емдеуге жіберілді.
Қылмыстық іс қозғалып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.


