Жаңалықтар

Қазақстанда 27 мыңнан астам нысан мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделді

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Аманат» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған Жол картасы, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.

«Аманат» партиясының Жол картасына сәйкес, 2023–2027 жылдар аралығында Қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілген 40 мыңнан астам нысанды бейімдеу көзделген. Жоспар бойынша жыл сайын нысандардың 20 пайызы бейімделіп отыруы тиіс:

2023 жылы – 20%

2024 жылы – 40%

2025 жылы – 60%

2026 жылы – 80%

2027 жылы – 100%

2025 жылдың соңына дейін ел бойынша 25 740 нысанды бейімдеу жоспарланған, алайда өңірлер жоспарды артығымен орындап, 27 307 нысанда бейімдеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жалпы жоспардың 64 пайызын құрайды.

Бейімделген нысандардың салалар бойынша бөлінісі

27 307 нысанның ішінде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қолжетімділері:

денсаулық сақтау нысандары – 4 479

білім беру нысандары – 9 008

мәдениет нысандары – 2 146

сауда және қызмет көрсету нысандары – 5 213

мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 3 994

өзге де нысандар – 2 467

Өңірлер бойынша бейімделген нысандар саны

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес:

Астана қаласы – 809

Алматы қаласы – 5 546

Шымкент қаласы – 1 401

Абай облысы – 869

Ақмола облысы – 1 262

Ақтөбе облысы – 896

Алматы облысы – 1 047

Атырау облысы – 1 440

Шығыс Қазақстан облысы – 1 212

Жамбыл облысы – 1 078

Жетісу облысы – 950

Батыс Қазақстан облысы – 1 358

Қарағанды облысы – 1 283

Қостанай облысы – 1 367

Қызылорда облысы – 1 567

Маңғыстау облысы – 588

Павлодар облысы – 1 163

Солтүстік Қазақстан облысы – 1 051

Түркістан облысы – 2 285

Ұлытау облысы – 135