Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
Қызылордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды.
Бұған дейін президенттің көмекшісі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Сыр бойындағы жиында президент Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салатынын хабарлаған еді.