Шымкентте жол үстіндегі жанжал кісі өлімімен аяқталды
Шымкент қаласында жол үстінде болған жанжал адам өліміне әкелді. Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желілерде тарап, қоғамда қызу талқыға түсті.
Алдын ала мәлімет бойынша, қақтығыс кезінде 40 жастағы ер адам ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапқан.
Қалалық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
«Күдіктілерді ұстау үшін барлық қажетті күш пен құрал жұмылдырылды. Тергеу амалдары жалғасуда», – деп хабарлады ведомстводан.
Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады.