БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жұмысынан айырылған азаматтарға көрсетілген қолдау: 2025 жылы МӘСҚ-тен 130 млрд теңгеден астам төлем жасалды

Жұмысынан айырылған азаматтарға көрсетілген қолдау: 2025 жылы МӘСҚ-тен 130 млрд теңгеден астам төлем жасалды
2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде жұмысынан айырылған 354 мыңнан астам азамат Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлем алды. Оның ішінде 311,9 мың адамға бұл төлем алғаш рет тағайындалған. Жалпы төленген қаражат көлемі 130,4 миллиард теңгеге жеткен. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі мен соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлем алуға құқылы. Төлем мөлшері жоғалған табыстың 45 пайызына дейінгі көлемде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Әлеуметтік төлем алу үшін азаматтар алдымен eGov.kz порталы арқылы авторизациядан өтіп, «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөліміндегі «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдауы қажет. Өтінім онлайн түрде толтырылып, электрондық цифрлық қолтаңбамен расталады. Осыдан кейін бір жұмыс күні ішінде тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады. Егер қолайлы жұмыс табылмаса, үш жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі.

Бұл қызметті Электрондық еңбек биржасы - enbek.kz порталы арқылы да алуға мүмкіндік бар. Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы ақпарат түскен соң, министрліктің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тен төлем тағайындауға келісім алу үшін азаматтың ұялы телефонына SMS-хабарлама жолдайды. Келісім берілген жағдайда төлем автоматты түрде рәсімделеді.

Айта кету керек, жұмысынан айырылуына байланысты төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан босатылу себебіне қарамастан жүзеге асырылады және азаматты жаңа жұмыс тапқанға дейін қаржылай қолдауға бағытталған.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар