Қырғызстанмен келіссөз нәтижесінде Жамбыл облысының шаруалары сумен толық қамтамасыз етілді
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Шу және Талас өзендері бойынша ынтымақтастық 2000 жылы қол қойылған Келісім негізінде табысты дамып келеді. Осы құжат аясында Шу-Талас су шаруашылық комиссиясы тұрақты түрде жұмыс істейді, жылына кемінде екі рет су шаруашылық нысандарын бірлесіп күтіп ұстау мәселелерін қарайды, олардың жұмыс режимдерін үйлестіреді және су беру кестесін вегетациялық кезеңге бекітеді. ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында осылай деді.
2025 жылы комиссия екі рет жиналды. Сәуір айындағы отырыста су беру кестесі бекітілді, бұл вегетациялық кезеңді тұрақты және алдын ала болжанған режимде өткізуге мүмкіндік берді. 2025 жылы Шу-Талас өзендері арқылы жалпы 2 млрд 473 млн м³ су келді, оның ішінде Шу өзені арқылы 1 млрд 733 млн м³, Талас өзені арқылы 740 млн м³ су келді. Су беру келісілген параметрлерге сәйкес жүргізіліп, Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы өндірушілері сумен толық қамтамасыз етілді.
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда су еліміз үшін стратегиялық ресурс және бұл мәселемен жүйелі түрде айналысу қажеттілігін ерекше атап өтті. Осыған байланысты, Министрлік алдағы уақытта трансшекаралық өзендер бойынша ынтымақтастықты және су саласындағы дипломатияны одан әрі дамыту үшін келісім – құқықтық базаны нығайту, тараптардың іс-қимылдарын үйлестіруді арттыру, су шаруашалығы іс-шараларын бірлесіп жоспарлауды кеңейту және тұрақты су энергетикалық балансты қалыптастыру бағытында тиісті жұмыстар атқарады.
Қазақстанның көрші мемлекеттермен өзара әрекеті жүйелі және конструктивті негізде, өзара құрмет және барлық тараптардың мүдделерін ескеру принциптеріне сәйкес жүргізіледі.