Жаңалықтар

Шымкенттегі жаппай төбелес: екінші адамның қаза болғаны туралы ақпарат расталмады

Әлеуметтік желілерде қолданушылар оқиғаны қызу талқылап, ауруханада екінші зардап шеккен адамның да қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Otyrar-TV.

Алайда телеарна таратқан ресми мәліметке сәйкес, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. 1990 жылы туған ер адам ауыр жағдайда Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасына жеткізілген.

Дәрігерлердің айтуынша, науқас кеуде тұсының сол жақ бөлігінен пышақ жарақатын алған. Оған шұғыл түрде операция жасалып, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде қарқынды ем қабылдап жатыр.

Медицина қызметкерлері зардап шеккен азаматқа барлық қажетті көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті. Құқық қорғау органдары оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын жалғастыруда.