Жаңалықтар

21 жастағы Нұрай Серікбайдың өлімі: Шымкент полициясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте 21 жастағы студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істен кейін полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Сенат дәлізінде ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

Айтуынша, қызметтік міндетін дұрыс орындамаған тәртіп сақшылары сол күні-ақ жұмыстан қуылған, істі жылы жапқысы келген қызметкерлердің үстінен сол мезетте-ақ іс қозғалған.