БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Биыл балалар Ұлттық қордан 130 доллардан алады

Биыл балалар Ұлттық қордан 130 доллардан алады
ашық дерек
2026 жылы Қазақстандағы барлық балаларға Ұлттық қордан 130 АҚШ доллары көлемінде төлем жасалады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Оның айтуынша, тиісті ресми ақпарат 1 ақпан күні жарияланады. Қаражат «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында әрбір баланың жеке есепшотына аударылады.

Тимур Сүлейменовтің дерегінше, Ұлттық қорды басқарудан түскен инвестициялық табыс 8,7 миллиард АҚШ долларына жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 15 пайыздық өсімді көрсетеді.

– Ұлттық қор активтерін басқару нәтижесі оң болып отыр. Түскен табыстың бір бөлігі заңнамаға сәйкес балалардың есепшоттарына бағытталады. Биыл әр балаға төленетін сома – 130 доллар, – деді Ұлттық банк төрағасы.

Айта кетейік, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы 2024 жылдан бастап іске қосылған. Бағдарламаға сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын барлық кәмелетке толмаған балаларға жыл сайын Ұлттық қор табысынан қаражат бөлінеді. Бұл ақша 18 жасқа толғанға дейін жинақталып, кейін білім алу немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында пайдаланылуы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, бұл бастама болашақ ұрпақтың қаржылық тұрақтылығын арттыруға және әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталған маңызды қадам болып саналады.

Admin
Автор

Admin

Admin

Ұқсас жаңалықтар