Қыз алып қашуға қатысты қылмыстық жауапкершілік күшейтілді
ҚР Бас прокуратурасы азаматтарға қыз алып қашу мен некеге мәжбүрлеу заңмен қатаң тыйым салынған қылмыс екенін кезекті рет еске салды.
Ведомство мәліметінше, Қазақстанда 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске арнайы жаңа 125-1-бап енгізіліп, қолданысқа шыққан.
Аталған бапқа сәйкес, некеге немесе бірге тұруға мәжбүрлеу, сондай-ақ осы мақсатта адам ұрлау әрекеттері үшін 7 жылға дейін, ал ауырлататын жағдайларда 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Прокуратура жәбірленушіні кейін босату қылмыстық жауаптылықтан құтқармайтынын атап өтті. Сонымен қатар, заң бойынша неке тек екі тараптың ерікті келісімімен ғана жасалуы тиіс.