БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Рудныйда кісі өлімімен күдікке ілінген жасөспірімдер қолға түсті

Рудныйда кісі өлімімен күдікке ілінген жасөспірімдер қолға түсті
Қостанай облысының Рудный қаласында орын алған кісі өліміне байланысты іздеуде жүрген екі жасөспірімнің ұсталғаны белгілі болды. Бұл туралы қала әкімі Виктор Ионенко 2026 жылғы 24 қаңтарда мәлімдеді.

Қайғылы оқиға бойынша 23 қаңтар күні ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы негізінде қылмыстық іс қозғалған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, аса ауыр қылмысқа 2008 және 2009 жылы туған екі жасөспірім күдікке ілінген еді.

Қала басшысы марқұмның туған-туыстарына көңіл айтып, күдіктілердің жеке басы анықталып, құқық қорғау органдары тарапынан ұсталғанын жеткізді.

Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар бұл іс Ішкі істер министрлігі мен Қостанай облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынған.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар