Жаңалықтар

Еліміздің бірнеше өңірінде боран күтіледі: «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескерту жасады

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ауа райының күрт нашарлауына байланысты жүргізушілерге алдын ала сақтық шараларын ұстануға шақырды.

Компания мәліметінше, 2026 жылғы 26 қаңтар күні Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қар жауып, боран соғуы ықтимал. Қолайсыз ауа райы Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Батыс және Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Жетісу, Ұлытау, Абай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде болжанып отыр.

Осыған байланысты жүргізушілерге жолда аса мұқият болып, жылдамдықты шектен асырмау, қауіпсіз арақашықтық сақтау және ауа райы жағдайын міндетті түрде ескеру ұсынылды.

Қосымша ақпарат алу үшін азаматтар тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласа алады.