Шерхан Қалмұрза «Қайратпен» келісімшартын 2028 жылға дейін ұзартты
Алматының «Қайрат» футбол клубы жас қақпашы Шерхан Қалмұрзамен келісімшарт мерзімін ұзартқанын ресми түрде мәлімдеді.
Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 жастағы қақпашымен жасалған жаңа келісім 2028 жылғы 30 қарашаға дейін күшінде болады.
Осылайша, талантты ойыншы алдағы бірнеше маусымда да «Қайрат» сапында өнер көрсетуді жалғастырады.