Жаңалықтар

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы сапары тоқтады: “Арсеналдан” тартысты ойында жеңілді

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы, 8-тур аясында алматылық «Қайрат» клубы сырт алаңда Англияның әйгілі «Арсеналымен» кездесіп, тартысты матчта 3:2 есебімен қарсыласына жол берді.

Ойын алғашқы минуттардан-ақ жоғары қарқынмен басталды. Матчтың 2-минутында лондондықтар сапынан Дьёкереш есеп ашып, өз командасын алға шығарды. Дегенмен көп ұзамай алматылық клуб қарымта қайтарды. Қарсыластың қақпасы маңында ереже бұзылып, төреші пенальти белгіледі. Жоржиньо 11 метрлік айып добын дәл орындап, есепті теңестірді.

Алайда «Арсенал» алғашқы таймда тағы екі мәрте нәтижелі шабуыл жасап үлгерді. Алдымен Хаверц 15-минутта қорғаушылардың қателігін пайдаланып, командасын қайта алға шығарса, тайм соңына қарай Мартинелли үшінші голды соғып, есепті ұлғайтты.

Екінші бөлімде алаңдағы күрес күшейгенімен, ұзақ уақыт бойы есеп өзгерген жоқ. Матчтың аяқталуына жақын Рикардиньо мергендік танытып, айырманы қысқартты. Бірақ бұдан әрі алматылықтар есепті теңестіруге үлгере алмады.

Осылайша, тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шыққан «Қайрат» плей-офф кезеңіне жолдама ала алмай, турнирдегі жорығын аяқтады.