БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл облысының агроөнеркәсіп саласына 84,8 млрд теңге инвестиция тартылып, 15 жоба жүзеге асты

Жамбыл облысының агроөнеркәсіп саласына 84,8 млрд теңге инвестиция тартылып, 15 жоба жүзеге асты
Жамбыл облысында ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар нәтижелі жалғасып келеді. 2025 жылы өңірдің агроөнеркәсіп кешеніне 84,8 млрд теңге инвестиция тартылып, жалпы құны 28 млрд теңгені құрайтын 15 инвестициялық жоба іске асырылды. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әбдірәсіл Желеубаев облыс әкімдігінде өткен мәжілісте мәлімдеді.

Оның айтуынша, өткен жылы ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 46,9 млрд теңге бағытталған. Мемлекеттік қолдау шаралары аясында 7 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушісіне 32,6 млрд теңгеден астам субсидия төленген. Сонымен қатар қаржы институттары мен микроқаржы ұйымдары арқылы 1 мыңға жуық агроқұрылым 17,4 млрд теңге көлемінде несие алған.

Көрсетілген қолдаудың нәтижесінде облыста ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 514,7 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде егін шаруашылығы өнімдері 2,2 пайызға, мал шаруашылығы өнімдері 1,9 пайызға артқан.

Мал өнімдері бойынша нақты көрсеткіштер де өсім бар екенін көрсетеді. Тірі салмақтағы ет өндірісі 133,3 мың тонна болып, 2,6 пайызға ұлғайса, сүт өндірісі 230 мың тоннаға жетіп, 1,6 пайызға артқан.

Өңірдегі жалпы мал саны 3,7 млн басқа жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 168 мың басқа немесе 2,7 пайызға көбейген. Оның ішінде:

мүйізді ірі қара – 441,6 мың бас (+8%),

қой – 3,1 млн бас (+4,4%),

жылқы – 197,2 мың бас (+13,3%),

құс – 2,3 млн бас (+18,6%).

Инвестицияның едәуір бөлігі, атап айтқанда 65,8 млрд теңгесі, тамақ өнімдерін өндіру саласына бағытталған.

Жүзеге асқан жобалар нәтижесінде өңірде 108 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар:

қуаттылығы 30,3 мың тоннаны құрайтын 6 көкөніс сақтау қоймасы,

2 мың басқа арналған екі бордақылау алаңы,

1 мың басқа арналған тауарлы сүт фермасы,

жылына 70 мың бас құс союға арналған цех,

жылына 11,6 мың тонна өнім өңдейтін 4 қайта өңдеу кәсіпорны пайдалануға берілді.

Жалпы алғанда, Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы экономика өсімінің негізгі драйверлерінің бірі болып қалып отыр және инвестициялық жобалар арқылы өңірдің өндірістік әлеуеті артып келеді.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар