Париждегі Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылардың құрамы жарияланды
Францияның астанасы Парижде өтетін дзюдодан Grand Slam санатындағы турнирге қатысатын Қазақстанның ерлер құрамасы белгілі болды. Ал бұл жолы еліміздің әйелдер құрамасы аталған жарысқа бармайды.
Дирекцияның хабарлауынша, 2026 жылғы алғашқы “Үлкен дулыға” турнирі 7-8 ақпан күндері Париж қаласында өтеді.
Қазіргі таңда бұл халықаралық бәсекеге әлемнің 82 мемлекетінен 530 спортшы тіркелген.
Турнирге қатысатын Қазақстан ерлер құрамасы:
Аман Бақытжан (-60 кг)
Шерзод Давлатов (-60 кг)
Ғұсман Қырғызбаев (-66 кг)
Бауыржан Нарбаев (-66 кг)
Есет Қуанов (-73 кг)
Дастан Шаяхметов (-73 кг)
Абылайхан Жұбаназар (-81 кг)
Әділет Алмат (-81 кг)
Айдар Арапов (-90 кг)
Марат Байккмуров (-100 кг)
Нұрлыхан Шархан (-100 кг)
Ғалымжан Қырықбай (+100 кг)
Айта кетейік, Париждегі жарыстан кейін Grand Slam турнирін ақпан айының соңында Өзбекстанның Ташкент қаласы қабылдайды.