Жаңалықтар

Жаңа Конституциядағы басты өзгеріс: адам құқықтары ең жоғары басымдыққа айналады

Жаңа Конституция жобасының басты ерекшелігі – адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің негізгі өзегі ретінде белгіленуі.

Преамбулада алғаш рет адам құқықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде жарияланып отыр. Бұл қағида бүкіл Конституция мәтінінде ерекше мағыналық өзекке айналған.

Сонымен бірге әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттары Конституция деңгейінде алғаш рет бекітіледі.

Бұл өзгерістер мемлекеттің адамға бағдарланған бағытын күшейтуге бағытталған.