Қарағанды облысының спорт басқармасы басшысы Серік Сәпиев қызметінен кетті
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов атқарып отырған қызметтерінен босатылды.
Ресми ақпаратқа сәйкес, басқарма жетекшісі мен орынбасары лауазымдарын өз еркімен тапсыру туралы шешім қабылдаған.
Қазіргі уақытта олардың орнына кім тағайындалатыны туралы қосымша ақпарат жарияланған жоқ.