Жаңалықтар

Ұлттық банк 2026 Олимпиадасына арналған жаңа коллекциялық монетаны таныстырды

Ұлттық банк

Ұлттық банктің хабарлауынша, коллекциялық өнім немістің MDM Münzhandelsgesellschaft mbH & Co. KG Deutsche Münze (MDM) нумизматика компаниясымен бірлескен әріптестік аясында дайындалған.

Жаңа монета 925 сынамалы күмістен соғылған. Оның негізгі сипаттамалары төмендегідей:

  • массасы – 20 грамм
  • диаметрі – 37 мм
  • дайындалу сапасы – proof
  • номиналы – 1000 теңге
  • таралымы – 2000 дана

Ресми мәліметте атап өтілгендей, бұл коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады. Сондай-ақ олар елдегі барлық банктерде шоттарға есепке алуға, аударуға, айырбастауға және ұсақтауға жарамды.

Ұлттық банк жаңа шығарылым нумизматикалық коллекцияға қызығушылық танытатын азаматтар үшін ерекше өнім болатынын атап өтті.