Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы 503,44 теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,73 теңгеге төмен.
Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық банкінің 3 ақпанға белгіленген ресми бағамы - 505,17 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы төмендегідей:
Алматыдағы айырбастау пункттерінде:
- сатып алу - 503,39 теңге
- сату - 505,47 теңге
Астанадағы айырбастау пункттерінде:
- сатып алу - орта есеппен 501 теңге
- сату - 508 теңге
Сарапшылардың пікірінше, валюта нарығындағы өзгерістер ішкі және сыртқы экономикалық факторларға байланысты қалыптасып отыр.




